Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды: Министр ТЖ жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды: Министр ТЖ жайлы пікір білдірді Жеңіс Қасымбек © Тұрар Қазанғапов

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астананың орталық базарында екі жасар қыздың эскалаторға қысылып қалуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астананың орталық базарында екі жасар қыздың эскалаторға қысылып қалуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эскалаторға қатысты біз жіті тексеру шараларын жүргіземіз. Жауаптының кім екені анықталады, эскалаторларды жөндеу мерзімі техниканың түріне байланысты, мерзімі техниканың қолданысына байланысты. Алғашқы мәлімет бойынша бұл техника ескі болмаған, ол бастапқыда құжатта көрсетілген мерзім бойынша қолданыста болған", - деді министр. 

Кеше, 22 мамырда Астанадағы орталық базарда екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалған еді. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызға медициналық көмек көрсетіп, шұғыл түрде №2 Қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Жантүршігерлік оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушылары таратып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети