Астанада елуден аса адам ірі өртті сөндіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада елуден аса адам ірі өртті сөндіріп жатыр видео кадры

Астанада бір қабатты бокс өртеніп жатыр. Өрт оқшауланды, бірақ әлі сөндірілмеген. Зардап шеккендер мен құрбандар туралы мәлімет жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада бір қабатты бокс өртеніп жатыр. Өрт оқшауланды, бірақ әлі сөндірілмеген. Зардап шеккендер мен құрбандар туралы мәлімет жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, елорданың Байқоңыр ауданындағы Өндіріс көшесі, 37 мекенжайында орналасқан бокс нысанын жалын шарпыған.

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 53 адамы мен 12 жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сағат 07:26-да өрт оқшауланды. Оның себептері әлі анықталған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 496  course up  588.11  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети