Астанада ер адам биіктен секірмек болды

©Аdelmakulova.blogspot.com

Астанада ер адам тоғызыншы қабаттың төбесінен секірмек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол мұндай қадамға жұмысқа орналаса алмағандықтан бардым деп отыр.

"Сағат таңғы жеті шамасында Астана қаласы ІІД жедел басқару орталығына Біржан сал көшесіндегі тоғызқабатты үйдің шатырынан бір адамның секіргелі тұрғаны туралы хабар келіп түсті", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінің өкілдері. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина жұмысшыларының бригадасы келді. Олар ер адамды мұндай қадамнан бас тартуға көндірді.

Астана қаласы ішкі істер департаменті мамандарының мәліметінше, өзінің айтуына қарағанда, ол сағат 05.00 шамасында Шығыс Қазақстан облысынан келген. "Одан психикалық ауытқудың белгілері анық байқалды, ол есі дұрыс адамға тән емес әрекеттер жасады. Полиция қызметкерлері психикалық денсаулық мәселелері медициналық орталығының жұмысшыларын шақырды, алдын ала тексеруден кейін ер адам осы ауруханаға жатқызылды", - дейді ІІД мамандары.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Астанада бір ер адамның психоневрологиялық диспансерге жатқызылғаны хабарланған еді. Ол көшеге жалғыз ішкиіммен шығып, автокөліктерді тепкілеген.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама