Астанада жалаңаш ер адам автокөліктерді тепкіледі

25 Маусым 2014, 16:26
4
Астанада жалаңаш ер адам автокөліктерді тепкіледі - Оқиға куәгері түсірген фотосурет.
Оқиға куәгері түсірген фотосурет.

Астананың орталық көшелерінің бірінде жалаңаш адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Талтүсте көшеде жалғыз дамбалмен жүгіріп жүрген адам аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.

"Жедел басқару орталығының бейнебақылау қондырғысына көшенің көлік жүретін бөлігінде бір ішкиімі ғана бар жалаңаш адамның жүгіріп және автокөліктерді теуіп жүргені ілікті. Оқиға орнына келген полицейлер 26 жастағы ер адамды ұстады. Медициналық куәландырудың қорытындысына қарағанда, ол ұсталған кезде мас болмаған", - дейді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова. 

Жалаңаш ер адамның әрекетінен бір автокөлікке зақым келді. Бірақ әзірше көлік иесі полицияға шағымдана қоймаған. Куәгерлер түсірген фотосуреттерге қарағанда, жалаңаш адам көліктердің үстіне де шыққан. 

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ер адам аудандық ішкі істер басқармасында отыр, психоневрологиялық диспансер дәрігерлері оның ақыл-есінің дұрыс-бұрыстығын тексермек.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай