13 желтоқсан 2023 15:12

Астанада ер адам интим видеосы үшін Land Cruiser Prado көлігін ломбардқа тапсырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астана полицейлері бірнеше жыл бойы астаналықты қорқытып, ақша алған бопсалаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана полицейлері бірнеше жыл бойы астаналықты қорқытып, ақша алған бопсалаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 және 46 жастағы екі ер адам бірнеше жыл бойы астаналықтан қорқытып ақша алған. Олар психологиялық қысым көрсету арқылы, интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2019 жылдан бастап ер адамды бопсалаған.

"Бірнеше жыл ішінде астаналық бопсалаушыларға жалпы сомасы 38 миллион теңгеге жуық ақша берген. Қылмыскерлердің бірінің талабын орындау үшін жәбірленуші өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін ломбардқа тапсырып, 10 миллион теңге берген. 46 жастағы қаскүнемнің кезекті бопсалау фактісінен кейін ер адам ағымдағы жылдың қараша айында полицияға жүгінген", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар екі ер адамды ұстады және қамауға алды. Күдіктілердің бірі Алматы қаласында ұсталды. Жеке тексеру барысында одан есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Астана қаласының полиция департаменті заңнамаға сәйкес ірі және аса ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасалған қорқытып алу 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын ескертеді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети