Астанада Республика даңғылы маңындағы "Самал" ықшамауданында ер адам көпір аркасына шығып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 18 шілдеде таңғы уақытта болған.
Астанада Республика даңғылы маңындағы "Самал" ықшамауданында ер адам көпір аркасына шығып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 18 шілдеде таңғы уақытта болған.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көпірмен жүріп келе жатқан көліктерге металл заттар лақтырған. Көпірде қозғалыс тоқтатылған. Осыған байланысты жолдарда үлкен кептеліс пайда болған.
Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам көпірден түсірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Ақмола облысының 25 жастағы тұрғыны. Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін ол аймақтық полиция бөліміне жеткізіледі.