Астанада ер адам сегіз көлікті қиратқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ер адам сегіз көлікті қиратқан

Елордалық полицейлер "Алматы" ауданында үйдің алдында тұрақта тұрған сегіз көлікті бүлдірген бұзақыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер "Алматы" ауданында үйдің алдында тұрақта тұрған сегіз көлікті бүлдірген бұзақыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 қарашада шамамен 03:00-де "Алматы" ІІБ жедел-іздестіру тобы Ғабдуллин көшесінің бойындағы үйдің алдында тұрған көліктерді қиратқан күдіктіні ұстап, бөлімшеге алып келген. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ұсталған кезде ер адам мас болған. Тексеру барысында оның Оңтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол достарымен ішімдік ішіп, кейін аулаға шығып ауладағы көліктерді қиратқан", - деді ІІД өкілдері. 

Сонымен қатар, полиция мәліметінше, азаматтардан жеке мүлкінің бүлінгені жайлы (терезелері шағылған, көлікті сырты майысқан) арыздар түсіп жатыр екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети