Елордалық полицейлер "Алматы" ауданында үйдің алдында тұрақта тұрған сегіз көлікті бүлдірген бұзақыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық полицейлер "Алматы" ауданында үйдің алдында тұрақта тұрған сегіз көлікті бүлдірген бұзақыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 қарашада шамамен 03:00-де "Алматы" ІІБ жедел-іздестіру тобы Ғабдуллин көшесінің бойындағы үйдің алдында тұрған көліктерді қиратқан күдіктіні ұстап, бөлімшеге алып келген.
"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ұсталған кезде ер адам мас болған. Тексеру барысында оның Оңтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол достарымен ішімдік ішіп, кейін аулаға шығып ауладағы көліктерді қиратқан", - деді ІІД өкілдері.
Сонымен қатар, полиция мәліметінше, азаматтардан жеке мүлкінің бүлінгені жайлы (терезелері шағылған, көлікті сырты майысқан) арыздар түсіп жатыр екен.