Терезеден құлаған шкаф бойынша Астана тұрғыны арызданған. Кітап сөресі отбасылық жанжал кезінде терезеден құлаған көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыздың соңында Астананың ІІД Жедел басқару орталығына ер адам терезеден шкаф лақтырған Сейфуллин көшесіндегі №8 үйдің тұрғынына қатысты шара қолдануын сұрап, арызданған. Арыз түн ортасында түскен.
"Сарыарқа" ауданының жергілікті полиция қызметі пәтерлерді аралап, 1976 жылы туған ер адамның отбасылық жанжал кезінде 13-қабаттан кітап тумбочкасын лақтырғанын анықтады. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Ер адамға қатысты 434-баптың 1-тарауы "Ұзақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (22 690 теңге) айыппұл салынды.