Астана полициясы ер адамды ұрып-соққан жасөспірімдерді ұстады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова хабарлады. Еске сала кетейік, екі жасөспірім Астана аялдамасында бір ер адамды ұрып-соқты.
Астана полициясы ер адамды ұрып-соққан жасөспірімдерді ұстады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова хабарлады. Еске сала кетейік, екі жасөспірім Астана аялдамасында бір ер адамды ұрып-соқты.
Полицияның мәліметінше, олар - Астана колледжінің 1-курс студенттері. "Олар 13 наурызда сағат 15.00 шамасында Чехов көшесінің бойындағы қоғамдық көлік аялдамасында бұзақылық жасап, еш себепсіз ер адамға дене жарақаттарын салған", - дейді Қылышбекова.
Оқиға Астананың "Сарыарқа" аудандық ІІБ-де тіркелді. Жауап алынған жасөспірімдер өз кінәларын мойындады. Сонымен қатар, ІІД қызметкерлері жасөспірім ұрып-соққан ер адамның құқық қорғау органдарына шағымданбағанын айтты. Полиция қазір оны іздестіріп жатыр.
"Кәмелет жасқа толмағандар мен олардың ата-аналарына қатысты жауапқа тарту шаралары қолданылады. Жәбірленушіден, куәгерлерден немесе жәбірленушіні танитын азаматтардан Астананың ІІД-ге 716021, 716259 номерлері арқылы хабарласуды сұраймыз", - деді ол.
Еске сала кетейік, жасөспірімдердің ер адамды аялдамада ұрып-соққаны туралы видео Интернетте жарияланған еді. Видеодан екі жас жігіттің аялдамада отырған ер адамға тиісе бастағанын көруге болады. Ер адам балалардың сұрағына жауап бермейді. Сол кезде көк күртесі бар жасөспірім қалтасынан пышақ алып шықты. Кейін көп сөзге бармай, ер адамды тепкілей бастайды. Видеодан екінші жасөспірімнің бұған күліп қарап тұрғанын көруге болады. Жасөспірімдердің ер адамды ұрып-соққаны видеоға жазылып, Интернетте жарияланған. Алайда роликтің авторы мен өзге де жасөспірімдер әлеуметтік желідегі өз аккаунттарын өшіріп үлгеріпті. Видеоролик "ВКонтакте" және Facebook желісінде өте көп көрілген және оған 2 мыңнан аса пікір жазылыпты.