22 мамыр 2017 12:30

Астанада Есіл өзенінде үш адам суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Астанада Есіл өзенінде үш адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Есіл өзенінде үш адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 21 мамырда сағат 15.12-де құтқару қызметіне Есілде ("Тұлпар" көпірі аумағында) өзен арқылы өтетін жолда абайсызда ер адам мен әйелдің құлап кеткені жайлы хабарлама келген.

"Тағы екі адам оларды құтқармақ болып, артынша суға секіріп кеткен. Куәгерлердің бірі құтқарылған. Осылайша, өткен тәулікте үш адам суға батып кетті. Біреуін әлі іздестіріп жатыр", - деді Иманқұлов брифинг барысында.

Оның айтуынша, оқиға орнында 10 адам, Орталық өңірлік Аэромобильді жедел-құтқару жасағы мен Астана қалалық ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети