Астанада газ баллоны жарылып, дәмхана опырылып қалды

ТЖМ

Астанада дәмханада газ баллоны жарылды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада дәмханада газ баллоны жарылды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай Алматы ауданындағы Ақыртас көшесінің бойында болған. 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ баллоны жарылып, салдарынан опырылып, ғимарат жанып кеткен.

"Шамамен 60 шаршы метр аумақта ғимарат опырылды, өрт алаңы - 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын тұрмыстық 4 газ баллонды шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная