Астанада инкассаторға шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада инкассаторға шабуыл жасалды ©Tengrinews.kz

Астананың орталығында төлем терминалдары инкассаторына шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың орталығында төлем терминалдары инкассаторына шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таңертең Республика даңғылы мен Абай көшесі қиылысындағы "Турист" қонақүйінің маңы қоршауға алынды. Оқиға орнында криминалистер мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Криминалды полиция қызметкерлері Chevrolet көлігін мұқият тексеріп жатты. Тергеушілер инкассаторлық жасыл сөмкесі бар жігіттен жауап алды. Ол жәбірленушіге ұқсайды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, төлем терминалы инкассаторына шабуыл жасалды, әлдекім олардың қолындағы қаржыны алып қашпақ болған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. 

Оқиға орнынан атыс қаруының пайдаланылған үш гильзасы табылды. Инкассатор шабуыл кезінде оқ атқан болуы мүмкін деген тұспал жасалды.

Астана қаласы ІІД мамандарының мәліметінше, сағат 10.00 шамасында әлдекімдер төлем терминалдары инкассаторын тонап кетпек болды. "Күдікті инкассатордың сөмкесін тартып әкетпек болды. Инкассатор травматикалық тапаншадан ауаға бірнеше рет ескерту оғын атты. Зардап шеккендер жоқ. Тонаушының кім екені шамамен белгілі болды, оны ұстау шаралары қолға алынды", - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети