Астанада ауғанстандық жасөспірім қолдан жасалған төлқұжатпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап. 15 жастағы бала Астана халықаралық әуежайында құжаттарды тексеру кезінде қолға түсті.

"Астана" шекара бақылау бөлімінің қызметкерлері Ауғанстанның 15 жастағы азаматын жалған төлқұжатпен ұстады. Бішкек - Астана бағытындағы КС 152 халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде Данияның 1994 жылы туған азаматының атына берілген төлқұжаттың жалған екені анықталды", - делінген ресми хабарламада.
Жолаушы Қазақстан арқылы транзитпен ұшпақ болған. Оның сөзіне қарағанда, ол алдымен Кабулдан Бішкекке барған. Содан соң Астанаға келіп, осы жақтан Лондонға, одан ары қарай Ганноверге өтіп кетем деп ойлады. Алайда транзиттік билеті мен отыру талоны болмаған. Осы іске қатысты тергеу амалдары басталды.