Астанадағы жаңа темір жол вокзалының құрылысы барысында бір жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Астанадағы жаңа темір жол вокзалының құрылысы барысында бір жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай жаңа вокзалдың құрылысы жүріп жатқан Промышленный ғимаратында орын алған. 9 мамыр күні кешке құрылыс жүріп жатқан жерде байқаусызда бульдозердің (сүргіш) астына түсіп, ауыр жарақат алған "Техсвер" Кнауш ЖШС 1979 жылы туылған құрылысшысы қаза болған.
Еске салайық, EXPO-2017 өткізуге дайындық барысында елордамызда күніне 4,5 мың адам тасымалдайтын бір темір жол және автовокзал салынады деп жоспарлануда. Одан бөлек Астанада күніне 1500 адам тасымалдай алататын төрт гейттің әуежай салынады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада еңбек қауіпсіздігін сақтамаған компанияларға айыппұл көлемін арттырады деп хабарланған болатын.
Ресми деректер бойынша, Астана өндіріс орындарында төтенше жағдайлар жиі болатын аймақтардың ішінде бірінші орында. 2013 жылы елордамызда 143 төтенше жағдай орын алып, 147 адам зардап шеккен, оның ішінде 20 адам мерт болса, 80 құрылысшы ауыр жарақат алып, 47 - орта және жеңіл деңгейде жараланған. Үстіміздегі жылдың басынан бері 47 адам жарақат алса, 11 жұмысшы қаза болған.
Астананың ІІД басшысы Санжар Әділовтың айтуынша, бас мердігерлер құрылысқа еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін төмен деңгейлі қызметкерлерді жалдайды. Сондықтан да құрылыс барысында еңбек техникасының қауіпсіздігі бұзылады.