Астанада жаңадан салынған ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада жаңадан салынған ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, Байтұрсынов көшесіндегі өрт туралы хабарлама сағат 11.27-де түскен.
"Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына келгенде жаңадан салынып жатқан 24 қабатты "Аллея тысячилетия" тұрғын үй кешенінде пластикалық заттар жанып жатқан: пенопласт пен электрлік кабель. Өрт аумағы 30 шаршы метр болды. Өрт сағат 11.47-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Иманқұлов.
Өртті сөндіруге 5 дана техника мен жеке құрамнан 21 адам жұмылдырылды.
Айта кетейік, бүгін түнде Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінде өртенген болатын. Өрт болған жерге өрт сөндіру қызметіндегі 50 адам мен 9 дана техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК Медицина орталығының бөлімшесі мен жедел жәрдем қызметі оқиға орнына келді. Дәрігерлер өрттен уланған екі адамға медициналық көмек көрсетті. Ал 230-ға жуық адам эвакуацияланды.