06 маусым 2016 13:10

Астанада жаңадан салынған ғимарат өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада жаңадан салынған ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жаңадан салынған ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, Байтұрсынов көшесіндегі өрт туралы хабарлама сағат 11.27-де түскен.

"Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына келгенде жаңадан салынып жатқан 24 қабатты "Аллея тысячилетия" тұрғын үй кешенінде пластикалық заттар жанып жатқан: пенопласт пен электрлік кабель. Өрт аумағы 30 шаршы метр болды. Өрт сағат 11.47-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Иманқұлов.

Өртті сөндіруге 5 дана техника мен жеке құрамнан 21 адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, бүгін түнде Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінде өртенген болатын. Өрт болған жерге өрт сөндіру қызметіндегі 50 адам мен 9 дана техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК Медицина орталығының бөлімшесі мен жедел жәрдем қызметі оқиға орнына келді. Дәрігерлер өрттен уланған екі адамға медициналық көмек көрсетті. Ал 230-ға жуық адам эвакуацияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети