Астанада салынып жатқан медресе мұнарасының жылу ұстауға арналған материалдары өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
Астанада салынып жатқан медресе мұнарасының жылу ұстауға арналған материалдары өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"18 ақпан сағат 15:35-те "101" пультіне Оңтүстік-Шығыс ықшамауданында (оң бетінде) Қарқабат көшесінде өрт шыққаны туралы хабар келді. Астананың Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі оқиға орнына 15:41-де келгенде жаңадан салынып жатқан медресе мұнарасының жалпы аумағы 10 шаршы метр жылу ұстап тұруға арналған материалдары өртенгенін анықтады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
ТЖД мәліметі бойынша, өртті сөндіруге 10 адам және 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 15:58-де ауыздықталып, 16:03-те сөндірілді.
"Өрттің шығу себебі: дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау", - деп атап өтті департамент өкілдері.