12 маусым 2015 | 15:58

Астанада жас жігіт көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада жас жігіт сегізінші қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада жас жігіт сегізінші қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шамамен 07.00-де Астана ІІД ОЖБ-ға Иманбаев көшесінің бойындағы үйлердің бірінде ер адамның сегізінші қабаттағы пәтерінің терезесінен секіріп кеткені жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Астана қаласының 1991 жылғы азаматының аты-жөнін анықтады", - дейді елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қалалық ауруханаға жеткізілген ер адамның алған жарақатынан қайтыс болғаны хабарланды. Осы дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді. "Ер адамның бұл іске не себепті барғаны анықталып жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, биыл мамырда Астанада екі оқушы қыз тұрғын үй балконынан секіріп кетті. 11-қабаттан құлаған екі қыз да көз жұмды. Осыған дейін Қазақстанда жыл басынан бері 86 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған болатын. 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети