15 қазан 2024 | 08:44

Астанада жатақхана өртенді, зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанада жатақханадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.


Астанада жатақханадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін таңда Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанған.

"Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хбарламада.

Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың жан жағындағы жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатқан. 850 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілген. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.52   529.45   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети