Астанада жедел жәрдем мен патрульдік көліктер жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада жедел жәрдем мен патрульдік көліктер жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, қара көк түсті Lada Priora Ақжол көшесі бойымен "Астықжан" жаққа қарай бара жатқан. Содан қарсы бағытқа шығып кеткен. Ал қарсы бағытта полиция көлігі келе жатқан, содан ол Lada Priora көлігінің бір жақ шетін қатты соғып өтеді. Онымен қоса полиция көлігі жедел жәрдем көлігін де соғып кетеді. Қазір жолдың бойында Lada Priora-ның сынықтары жатыр, олар жол қозғалысына кедергі келтіріп жатыр", - дейді тілші. Көліктермен соқтығысқан Lada Priora жүргізушісі салдарынан бағанаға барып соғысқан.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, жол-көлік оқиғасынан қатты зардап шеккендер жоқ. Әзірше көлік жүргізушісінің дәрігерлерден көмек сұрағаны жайлы мәлімет жоқ. Астана қалалық ІІД өкілдері осы дерек бойынша ресми мәлімет беруге уәде берді.