Астанада жекеменшік сектордың тұрғындарына күл мен көмірді жолға тастағандары үшін айыппұл салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала аумағының ластануын болдырмау үшін арнайы рейдтер жүргізіп жатыр. Астана ІІД ІПБ төрағасының орынбасары Игорь Горбуновтың айтуынша, полицейлер қала маңындағы Промышленный, Железнодорожный, Көктал және Ильинка ауылдарын жыл сайын тексереді. "Мұндай шаралар тазалықты сақтап, көше бойына күл төгуді болдырмау мақсатында жүзеге асырылады", - деді Горбунов.
Рейд жүргізілген төрт күн ішінде полицейлер жекеменшік аумаққа күлдің төгілуінің 86 дерегін анықтаған. Барлық азаматқа "Қала аумағын көркейту ережелерін бұзу" бабы бойынша 700 мың теңге көлемінде айыппұл санынды.
Айта кетейік, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық" Кодексінің осы бабы бойынша 20 АЕК (39640 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Ал бұл заңды қайта бұзған жағдайда 30 АЕК (59460 теңге) айыппұл салынады.