Астанада полицейлер жедел іздестіру кешенді шараларын жүргізу барысынла жоғалған 13 жастағы Альсина Әбдраеваның қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада полицейлер жедел іздестіру кешенді шараларын жүргізу барысынла жоғалған 13 жастағы Альсина Әбдраеваның қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызды Қарағанды облысынан тапты. Қыз бұл жаққа достарына автобуспен өз бетімен кетіп қалған. Полицейлер қызды үйіне жеткізіп, ата-анасының қолына тапсырған. Оның жағдайы жақсы.
"Оған қатысты қандай да бір құқық бұзу әрекеті жасалмаған", - деді Астана қалалық ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова.
Бүдан кейін полицейлер бұл отбасыны бақылауға алып, профилактикалық шаралар жүргізеді.
Еске салайық, Альсина 9 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Ол құрбыларымен серуендеуге кетіп, сол бетте оралмаған. Ата-анасы Алматы аудандық ІІБ-ге арыз түсірген. Кәмелетке толмаған қызға бірден іздеу жарияланған.