Астанада жоғалған балалар Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада жоғалған балалар Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балалардың анасы Нұрсұлу Тезекбаеваның айтуынша, олар Алматыдағы көшелердің бірінде табылған. "Балалардың әкесіне Жансаядан телефон арқылы хабарлама келген. Хабарламада екі ер адамның оның телефонын алып қойып, оларды көлікке салып алып кететіні жайлы жазылған", - деді ол.
"Балалар қайда екендерін өздері білмеген. Тергеушілер оқиға орнын суретке түсіріп, полицияға жіберуін сұраған. Осылайша оларды тауып алдық", - деді Тезекбаева.
Әйелердің айтуынша, қазіргі уақытта балалар Алматыда. "Олар өте қатты қорқып қалған, полицияға ештеңе хабарламадық. Жансая маған телефон соғып, тамақтанғанын айтты. Оларды полицейлердің жетекшілігімен ұшақпен жеткізуі тиіс", - деді балалардың анасы.
Еске салайық, елорда күні Астанада 14 жастағы Жансая Әбілқайыр мен оның 2 жасар інісі Асқар Нұрәлі жоғалып кеткен болатын. 6 шілдеде таңертең қыз інісімен бірге үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Астана қалалық ІІД мәліметінше, "7 шілдеде шамамен сағат 03.00-де полицияға Астана қаласының тұрғыны оның кәмелетке толмаған балалары 2002 жылғы Жансая Әбілқайыр мен 2014 жылғы Асқар Нұрәлінің 6 шілдеде шамамен сағат 10.00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлады. Бұл дерек бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Астана, Алматы, Алматы облысының көліктегі ішкі істер департаментіндегілер жұмылды. Тексеру жұмыстарының барысында қыздың хат жазып, үйден 40 мың теңге алып кеткені анықталды", - деген еді департамент өкілдері.