Астанада жоғалған жігіт Қарағандыда жалдамалы пәтерден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада жоғалған жігіт Қарағандыда жалдамалы пәтерден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"20 тамызда Астана қалалық ІІД жедел уәкілдері Жаманғараевтың Қарағанды қаласындағы жалдамалы баспанада екендігін анықтады. Ол жедел-іздестіру шараларының барысында табылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Полициядағылар іздеуде болған ер адамның Қарағандыдан қалай табылғаны жөнінде және оның туыстарымен неге хабарласпағанын айтпады. "Бастысы тірі, дін-аман. Қазір ол туыстарымен бірге. Оған қатысты заңға қайшы әрекет болмады", - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Айта кетейік, Бахтияр Жаманғараевтың жоғалғаны жайлы хабар 10 күн бұрын тараған еді.