Астанада жолаушылар автобусы соқтығысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Астанада Сарыарқа даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысына жақын маңдағы аялдамада екі жолаушылар автобусы соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Сарыарқа даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысына жақын маңдағы аялдамада екі жолаушылар автобусы соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Автобустардың соқтығысқан сәтінде түсірілген видео Instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында жарияланды. "Астана LRT" ЖШС баспасөз қызметі осы деректі растады. №102 және №46 бағытында жүретін автобустар 8 қазанда таңғы 7-де соқтығысқан. Компаниядағылар №102 автобусының жүргізушісі кінәлі екенін мәлімдеді. 

"Осы дерекке қатысты Астана жергілікті полиция қызметінің мамандары №102 бағытында жүретін автобустың жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырды. Осы автобустың жүргізушісі процессуалдық шешім шығарылғанға дейін қызметінен шеттетілді. Ары қарай ол жұмыстан босатылып, "қара тізімге" енгізіледі. Бұл дегеніміз ол елордада қоғамдық көлік саласында жұмыс істей алмайды деген сөз", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адамның зардап шеккені белгілі болды. 

"Зардап шеккен төрт адам қалалық №2 ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті емдеу шаралары көрсетілгеннен кейін, үйіне жіберілді. Олар өзі тұратын жергілікті емханадан амбулаториялық ем қабылдайтын болады", - деді Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astanovka 98 (@astanovka98)

Айта кетейік, осындай жағдай Астанада өткен аптаның басында болған еді, онда екі автобус "Нұрсая" тұрғын үй кешенінің маңында соқтығысқан еді

"Астана LRT" баспасөз қызметі, жол апатына бұрылу кезінде қосылатын шамды қоспай қозғалып кеткен автобус жүргізушісінің кінәлі екенін айтады. 

Кейінірек жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге әкімшіліак хаттама толтырылғаны белгілі болды.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro