Астанада жүргізуші автобус аялдамасын қиратты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жүргізуші автобус аялдамасын қиратты видео кадры

Астанада жүргізуші автобус аялдамасын қиратты. Оқиғаға полиция баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жүргізуші автобус аялдамасын қиратты. Оқиғаға полиция баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Орталық саябақтың автотұрағында болған.

"Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі артқа жүріп келе жатып, газ бен тежегішті шатастырып алған. Соның салдарынан автобус аялдамасының павильонына соғылған. Соққыдан аялдаманың әйнегі сынған", – деп хабарлады полиция.

Дерек бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.

"Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Келтірілген мүліктік залал заңда белгіленген тәртіппен өндіріледі", – деп нақтылады полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети