20 мамыр 2014 12:14

Астанада жүргізуші жол полициясына қарсылық көрсеткені үшін 2 айға тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация ©tengrinews Иллюстрация ©tengrinews

Астанада көлік жүргізуші жол полициясына қарсылық көрсеткені үшін 2 айға тұтқындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Алматы аудандық прокуратурасына сілтеме жасап. Ведомство 40 жастағы ер адамға қатысты заңсыздыққа жол бергені үшін қамауға алу туралы ІІД өтінішін қолдаған.

"Ер кісі көлікті мас күйде басқарғаны анықталғандықтан, полиция инспекторымен тоқтатылған. Ішімдік ішіп алған жүргізуші әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы толтырар кезде билік өкіліне қарсы күш қолданып, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белсенді қарсылық көрсеткен", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ішімдік ішіп алған адам ҚР Қылмыстық кодексінің 321 бабы бойынша "билік өкіліне қарсы күш көрсеткені үшін" айыпты деп танылды. Қазіргі таңда ол тергеу изоляторында қамауда отыр. Қылмыстық істі тергеу жұмысын елорданың "Алматы" аудандық прокуратурасы бақылауға алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети