Астана орталығында бір топ адам төбелесті. Оқиға 1 ақпанда Мәңгілік ел көшесінде болды және ерлер арасында әйелдердің де барын айта кету керек. Төбелестің видеосын Tengrinews.kz редакциясына куәгер жолдады.

Оның айтуынша, төбелескен 70 бағыттағы автобус жүргізушісі мен жол талғамайтын көлік иесі. "Автобус жүргізушісі жұдырықтасып жүр. Міне ҰҚК алдында болып жатыр", - деген дауыс естіледі.
Астаналық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері жолаушылар көлігі мен жеке көлік жүргізушілері арасында болғанын растады. "Полиция аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Алдын ала тексеру кезінде автобус жүргізушісі жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол бермей жолда апат жағдайын туғызған. Салдарынан жүргізушілер жанжалдасып қалған. Полицияға ешкім арыз жазбады. Қолданылған шаралар туралы кейін хабарланады", - дейді ведомство өкілдері.