Елорда күні Астанада 14 жастағы Жансая Әбілқайыр мен оның 2 жасар інісі Асқар Нұрәлі жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елорда күні Астанада 14 жастағы Жансая Әбілқайыр мен оның 2 жасар інісі Асқар Нұрәлі жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балалардың анасының айтуынша, 6 шілдеде таңертең қыз інісімен бірге үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Сол уақыттан бері олар туралы ешқандай мәлімет жоқ. "Ол мені қалаға қыдырып қайтамын деп ескерткен жоқ. Біз олардың сол күні таңертең неліктен көшеге шыққанын білмейміз. Арамызда ешқандай жанжал болған жоқ. Үйде де ешкім ренжіткен жоқ", - деді анасы Нұрсұлу Тізекбаева.
Туыстарының айтуынша, Жансая сол күні қара бұршақ түсті көйлек, ақ костюм, қара капрон шұлық пен кроссовка киген. Оның бойы - 168 сантиметр, сары шашты. Ал 2 жасар інісі Асқар сұр түсті жейдеде болған. Ол да сары шашты.
Сонымен қатар, Астана қалалық ІІД мәліметінше, "7 шілдеде шамамен сағат 03.00-де полицияға Астана қаласының тұрғыны оның кәмелетке толмаған балалары 2002 жылғы Жансая Әбілқайыр мен 2014 жылғы Асқар Нұрәлінің 6 шілдеде шамамен сағат 10.00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлады. Бұл дерек бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Астана, Алматы, Алматы облысының көліктегі ішкі істер департаментіндегілер жұмылды. Тексеру жұмыстарының барысында қыздың хат жазып, үйден 40 мың теңге алып кеткені анықталды", - деді департамент өкілдері.
Жақындары қандай да бір ақпарат білетін болсаңыздар, мына номерлерге +7 702 437 85 10, +7 708 549 0848 хабарласуын сұрайды.
Асқар (оң жақтан бірінші)