30 қаңтар 2017 15:18

Астанада қар тазалап жүрген адамды қағып кеткен жүргізуші анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Астанада қар тазалап жүрген адамды қағып кеткен жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полицейлер Астанада қар тазалап жүрген адамды қағып кеткен жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөліміндегілер жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі анықталды. 46 жастағы ер адам түсініктеме беру үшін жол-патрульдік полицияның іздестіру бөліміне жеткізілді", - деді елордалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта зардап шеккен ер адам іздестіріліп жатыр. Ол полицейлерге хабар бермеген. "Осы іс бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін зардап шеккен адам полицейлерге хабар беру керек. Мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұраймыз: 8 702 999 91 04, 8 701 777 7189", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Volkswagen Golf көлігін жүргізіп келе жатқан жүргізуші қар тазалап жүрген адамды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиға 27 қаңтарда Майлин көшесінің (Жұмабаев және Абылайхан аралығында) бойында болған. Бейнебақылау камераларына жол шетінде ер адамның қар тазалап жүргені және жолда көліктердің көп еместігі түсірілген. 18.45-те автомобиль орташа жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткеді. Видеода көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін анықтау қиын.

Астана қалалық ІІД-нің басшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, осы дерек бойынша полицияға ешкім арыз қалдырмаған, алайда тергеу шаралары жүргізіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети