15 шілде 2015 | 18:48

Астанада қайырымды жүргізушілер көліктің толықтай жанып кетуіне жол бермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Астанада қайырымды жүргізушілер көліктің толықтай жанып кетуіне жол бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада қайырымды жүргізушілер көліктің толықтай жанып кетуіне жол бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сағат 16.30 шамасында Республика даңғылында Peugeot (1999 жылы шыққан) автокөлігінен өрт шықты. Ол кезде көлік рулінде 18 жастағы қыз отырды, жанында анасы бар.

"Біз Сейфуллин көшесіне бұрылу үшін қиылыста бағдаршамның жасыл түсінің жанғанын күтіп тұрдық, бізге жанымызда тұрған көліктің жүргізушісі келіп, көліктен жылдам түсіңдер деді. Көлігіңіз жанып жатыр, деді ол. Біз қашып шықтық, сол сәтте 7-8 қайырымды жүргізуші тоқтап, өрт сөндіру құрылғыларын алып шығып, көліктегі өртті сөндіре бастады. Осыдан кейін өрт сөндіру көлігі келіп, сөндірді", - дейді көліктің иесі Айкен.

Әйелдің айтуынша, ол көлігін бір ай бұрын қызына сатып әперген. Ол екінші топтағы мүгедек, ұзақ уақыт жаяу жүре алмайды. "Оны сатып алған кезде қызымыз қайда барғысы келсе, сол жаққа өзі баратын болды деп қатты қуанған едік. Ол ертең жүргізуші куәлігін алуы тиіс болатын. Бұл көлік бізге қатты керек еді. Қазір бізде көліктің жартысы жоқ, сырты ғана қалды", - дейді әйел.

Оқиға болған жерге келген әйелдің туыстарының айтуынша, өрт көліктің электр өткізгіштеріндегі қысқа тұйықталудан және қатты қызып кетуден болған.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети