Астанада Қазатомөнеркәсіп қызметкері жоғалып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әмірбек Молдабеков ұлдарымен бірге. Сурет отбасылық мұрағаттан алынды. Әмірбек Молдабеков ұлдарымен бірге. Сурет отбасылық мұрағаттан алынды.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қызметкері, алты баланың әкесі Астана қаласында із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қызметкері, алты баланың әкесі Астана қаласында із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

49 жастағы Әмірбек Молдабековтің жоғалып кеткені жайлы хабарды оның туыстары әлеуметтік желіде таратқан, сонымен қатар Астананың ІІД қылмысты істі тексеру полициясына хабар берген.

Ер адам 22 қарашада жоғалып кеткен, Ол ұлттық компанияда экономист болып қызмет етеді. Соңғы рет оны Сауран-Сығанақ көшелерінен түнгі сағат 2.30 шамасында көргендер бар. Қыздарының айтуынша, жұма күні кешке ол әріптестерімен кездесуге кеткен, артынан оны әріптестері Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында таксиге салып жіберген. Содан бері үйіне оралмаған. Қыздардың айтуына қарағанда, әкелерінің телефоны сенбіге дейін жұмыс істеп тұрған, бірақ ешкім жауап бермеген. Криминалистердің мәліметінше, телефонға ең соңғы болып қаланың оңтүстік-шығыс ауданынан қоңырау түскен. 

"Бүгінгі таңда оны Астананың ІІД, туыстары мен Қазатомөнеркәсіп еріктілері іздестіріп жатыр, бірақ мардымды нәтиже жоқ", - деп жазады оның қызы Әсел Фейсбукқа. Әселдің айтуынша, Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінен құрылған еріктілер оның телефонына келіп түскен соңғы қоңырау анықталған ауданнан іздестіріп жатыр. 

Із-түссіз жоғалған Молдабековтің алты баласы бар, ең кішісі 4 жаста, ал ең үлкен қызы 26 жаста.

Қылмысты істі тексеру полициясы басқармасы ұсынған тұспал бойынша, ер адамның бойы 168-172 сантиметр, толық денелі, қысқа қара шашты, беті сопақ. Басында қара түсті бас киім, үстінде матадан тігілген қара түсті күрте, сүр пуловер, қара классикалық шалбар бар. Өзімен бірге жеке куәлік, Халық банкі мен Тұран-Әлемнің карточкалары болған, сондай-ақ "Самсунг Галакси S mini" маркалы ұялы телефоны болған.

Полицейлер Молдабеков жайлы қандай да бір мәліметі бар азаматтарға мына телефондарға хабарласуды өтінеді: 71-62-96, 71-60-22, 8-701-707-00-45. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro