16 шілде 2018 | 13:37

Астанада кілем жууға барған әйел мен оның екі қызы суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет :ugranow.ru Көрнекі сурет :ugranow.ru

Астанада 43 жастағы әйел мен оның екі қызы кілем жуу кезінде Нұра-Есіл арнасына батып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Төтенше жағдайлар Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 43 жастағы әйел мен оның екі қызы кілем жуу кезінде Нұра-Есіл арнасына батып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Төтенше жағдайлар Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Оқиға 14 шілде сағат 15.28 уақытында болған. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның орталық аймақтық  әуе-ұялы тобының құтқарушылары қаза болғандардың денесін судан шығарып алған. Оқиға қаланың сыртында Нұра-Есіл арнасында болды. Кілемді тазартып жатқан кезде абайсызда үш адам: 1975 жылғы анасы мен 2006 және 2007 жылғы екі қызы суға батып кетті", - деп хабарлады баспасөз қызметінің ведомство өкілдері. 

Бұл жердің кілем тазалауға арналмағаны анықталып отыр.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның айтуынша, 9 және 19 шілде аралығында Қазақстанның су қоймаларында 46 адам, оның ішінде 11 бала көбінесе қорғалмаған аудандарда батып кеткен. 

"Республика бойынша 116 адам құтқарылған. Оның ішінде 38 бала. Өлімнің басты себебі - өз күштерін бағалай алмай терең жаққа сүңгіп кетуі. Бұл туралы 123 дерек, оның 36-ы балалар ", - деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети