Астанада көлік жеке үйге кіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көлік жеке үйге кіріп кетті Куәгерлер жолдаған суреттер

Астанада автомобиль жеке үйге қарай ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада автомобиль жеке үйге қарай ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 қарашада шамамен сағат 01.00-де Бабатай ұлы мен Жаңа қоңыс көшелерінің қиылысында болған.

Ведомстводағылардың редакция жолдаған сауалға берген жауабында "Лада" маркалы көлік жүргізушісінің көлік тізгінін басқарам алмай, үйдің қабырғасына барып соғысқаны айтылады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 29 жастағы жүргізуші мен "Ладаның" 27 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Ал 26 қарашада шамамен сағат 12.00-де жолаушының алған жарақаттардан ауруханада қайтыс болғаны хабарланды. Автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізілді.

"Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасындағылар ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.


© Куәгерлер жолдаған суреттер

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети