Астанада көлік қаққан 14 жастағы жасөспірімнің анасы әділдік іздейді: "Ұлыма қысым көрсетілді"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көлік қаққан 14 жастағы жасөспірімнің анасы әділдік іздейді: "Ұлыма қысым көрсетілді" Видеодан үзінді Facebook / Айгуль Жараспаева

Ішкі істер департаменті өкілдері 14 жастағы оқушының жол-көлік оқиғасына тап болып, ары қарай анасының айтуынша, оны ересек адамдар еркінен тыс ұстап отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер департаменті өкілдері 14 жастағы оқушының жол-көлік оқиғасына тап болып, ары қарай анасының айтуынша, оны ересек адамдар еркінен тыс ұстап отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін Facebook желісінде оқушының анасы Айгүл Жараспаева биыл 16 тамызда Астанада ұлының басынан өткен оқиғаны баяндап жазған еді. 

"Сағат 8 шамасында ұлымның сыныптасының әкесі маған баламды белгісіз біреулер Lexus GX460 маркалы автокөлікпен қағып кеткенін айтты. Оқиға Түркістан көшесінде болды. Ұлым достарымен велосипедпен Түркістан көшесінің бойымен жол шетінде келе жатқан. Бір кезде жол талғамайтын көліктің жүргізушісі оларды озып өтіп, дереу оңға бұрып қалған. Сол кезде менің ұлым соқтығысқан. Автомобиль соққысынан менің балам ұшып кеткен, соның салдарынан ол жарақат алды", - деп жазды жасөспірімнің анасы. 

Жол-көлік оқиғасынан кейін, оқушының анасының айтуынша, ер адам мен әйел адам баланы күштеп көлікке отырғызып белгісіз бағытта алып кеткен. 

"Ұлымның телефоны сөндірулі болды. Мен 102 нөміріне хабарласып, баланың жоғалғаны туралы хабарладым. Тек бір жарым сағат өткен кезде ғана мен баламды көре алдым. (...) 30 жастағы әйел көлік тізігінде болған, сонымен қатар, салонда әкесімен ағасы болған. Олар жедел жәрдем шақырмастан менің ұлымды көлікке "отырғызып алып, сен кінәлісіңге басқан". Олар одан бір жерің ауырып тұр ма деп те сұрамаған. Олар менің ұлыммен бірге көлік жөндеу автосалонына барып, келтірілген залалдың қанша тұратынын білген. (...) Баланы қағып, медициналық көмек көрсетпестен, оны оқиға орнынан алып кетіп, қорқытқан адамдар жазасыз қалмауы керек", - деді Айгүл Жараспаева. Ол өз ұлының психологиялық қысым көргенін айтады.  

Полициядағылар ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы ("Өзiнше билiк ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. 

"Осы іс бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Сонымен қатар, жол апаты дерегіне байланысты Lexus көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 және 611-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қыркүйекте осы істің материалдары Астана әкімшілік қылмыстар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді", деді елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети