Астанада жол талғамайтын автокөлік жүргізушісі жеті көлікті соғып, өзі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"27 маусымда сағат 19.40-та Toyota көлігінің жүргізушісі денсаулығының нашарлауына байланысты көлікті басқара алмай, жеті көлікке соқтығысты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Оқиға орнынан 39 жастағы ер адам алдын ала "инсульт" диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
"Полиция бұл іс бойынша ақпарат жинап, тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Қазір ер адам №1 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.