Астанада көпірден ұшып кетіп, жол апатына ұшыраған жүк көлігінің видеосы: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көпірден ұшып кетіп, жол апатына ұшыраған жүк көлігінің видеосы: Оқиғаның мән-жайы анықталды

Астанада көпірден ұшып кетіп, жол апатына ұшыраған жүк көлігіне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көпірден ұшып кетіп, жол апатына ұшыраған жүк көлігіне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астанадағы көпірде болған жол апатының видеолары таралып жатыр. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілері жол апатының биыл 31 мамырда болғанын хабарлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алған.

"31 мамырда Hyundai маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Құдайбердіүлы көшесіндегі көпірден келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетті. Салдарынан жүргізуші Chevrolet Niva көлігімен соғысып қалып, артынша қоршауды соғып, жолдың шетіне қарай аударылып кеткен", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен Chevrolet Niva жүргізушісі және ондағы бір жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, кейіннен үйлеріне жіберілген. Жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети