Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде пәтер өртенді. Өрт түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Толығырақ
Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің Алматы ауданындағы Айнакөл көшесінде болғанын хабарлады.
Пәтерлердің бірінде бөлме мен балкон өртенген.
Видеодан көпқабатты үйдің терезелерінен будақтаған қою қара түтін шығып жатқанын көруге болады.
"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері 15 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Жалынның өзге бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ", – деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, 31 мамырда Астанада ірі өрт болды. Толстой көшесінде қатар орналасқан бірнеше жеке үй өртенді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ал одан екі апта бұрын елордада екі қабатты ғимарат өртенді, оқиға Алматы ауданындағы Қосалқа көшесінде болды. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі қабатты тұрғын емес ғимараттың шатыры жанған.
Тағы оқыңыз: “Мұндай қадамға кез келген адам бара алмайды“: БҚО-да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды