“Мұндай қадамға кез келген адам бара алмайды“: БҚО-да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Мұндай қадамға кез келген адам бара алмайды“: БҚО-да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды Иллюстрациялық фото:depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысының Аралтөбе ауылында тұрғындар нағыз батыр деп атайтын тоғыз жасар бала тұрады. Осы қыста Бейбарыс Тілекберген өртке оранған үйден екі інісін аман алып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысының Аралтөбе ауылында тұрғындар нағыз батыр деп атайтын тоғыз жасар бала тұрады. Осы қыста Бейбарыс Тілекберген өртке оранған үйден екі інісін аман алып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Өрт ақпанның аязды күнінде болған. Баланың ата-анасы жұмыста болып, Бейбарыс үйде кіші інілеріне бас-көз болуға қалған. Бір сәтте қысқа тұйықталу салдарынан электр сымдары тұтанып, үйдің іші тез арада қою түтінге толған.

Қорыққанына қарамастан, мектеп оқушысы абдырап қалмай, бірден бауырларын құтқаруға ұмтылған.

"Өзім де қорықтым. Сол кезде дәлізге шықтық. Екі жасар інімді жетектеп, ал сегіз айлық інімді қолыма көтеріп алып шықтым. Бұл кезде үй толықтай өртеніп жатқан еді", - деді Бейбарыс Тілекберген.

Көмек келгенше, бала інілерін лаулап жатқан үйден сыртқа шығарып үлгерген.

Ауылдағылар Бейбарыстың бұл әрекетіне таңғалмағандарын айтады. Мектепте оны өте жауапты әрі мейірімді бала ретінде сипаттайды. Ол - оқу озаты, аудандық және облыстық олимпиадалардың қатысушысы, сондай-ақ оның суреті құрмет тақтасында ілулі тұр.

"Ең алдымен, Бейбарыстың өте жауапты, ақылды әрі білімді бала екенін атап өткім келеді. Ол бәрін тез қағып алады. Достарымен қарым-қатынасы жақсы. Өте мейірімді бала. Оның басты қасиеті - жауапкершілік. Қандай тапсырма берілсе де, бірден орындайды", - деді сынып жетекшісі Айнұр Сағынғали.

Өрттен кейін көпбалалы отбасы баспанасыз қалды. Қазір ауыл тұрғындары зардап шеккендерге көмектесіп жатыр: отбасы үшін арнайы қор құрылып, оған бейжай қарамайтын жандар ақша аударып жатыр.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетовтің айтуынша, отбасына мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіледі.

""Дипломмен - ауылға" бағдарламасының екі нұсқасы бар: тұрғын үй сатып алу және құрылыс. Отбасы құрылыс бағытын таңдап, қазір осы мәселемен айналысып жатыр. Бүгінгі таңда ауыл әкімдігі, экономика және қаржы бөлімі бірлесе жұмыс істеп жатыр, үлкен қолдау көрсетілетін болады", - деді ол.

Бейбарыс - бес бала тәрбиелеп отырған отбасындағы екінші бала. Қазір ол ата-анасымен және бауырларымен бірге уақытша коммуналдық пәтерде тұрып жатыр.

Баланың әкесі ең бастысы балалардың аман қалғаны екенін айтады.

"Ол - батыр, бұл менің ұлым болғандықтан мақтап отырғаным емес. Шын мәнінде, мұндай қадамға кез келген адам бара алмайды. Өмірде неше түрлі жағдай болады, Құдай ешкімнің басына бермесін. Ең бастысы - аман қалдық. Үй мен мүлік өртеніп кетті, бірақ біз аманбыз", - деді баланың әкесі Фазыл Қайыр.

Тағы оқыңыз: Павлодарда өртеніп жатқан пәтерден үш баланы құтқарып қалған ер адамды іздестіріп жатыр

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +25
Ақтау +16
Ақтөбе +13
Атырау +14
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +25
П
Павлодар +21
Петропавл +24
С
Семей +22
Т
Талдықорған +26
Тараз +30
Түркістан +19
О
Орал +16
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер