Павлодарда өртеніп жатқан пәтерден үш баланы құтқарған ер адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда өртеніп жатқан пәтерден үш баланы құтқарған ер адам іздестіріліп жатыр Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

Павлодарда кездейсоқ өтіп бара жатқан адам өрттен үш баланы құтқарып, өз жөнімен кете берген. Өрт кезінде бейжай қарамаған батырды алғыс айту үшін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


Павлодарда кездейсоқ өтіп бара жатқан адам өрттен үш баланы құтқарып, өз жөнімен кете берген. Өрт кезінде бейжай қарамаған батырды алғыс айту үшін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Кеше күндіз Павлодардағы үйлердің бірінде тоғызыншы қабаттағы үш бөлмелі пәтерден өрт шыққан. Балкон тұтанып, қою түтін бөлмелерге тез жайылған. Сол сәтте үйде үш бала болған: ең кішісі небәрі 4 жаста, үлкендері 8 және 9 жаста. Қорқып қалған бүлдіршіндер жылап, көмекке шақырған.

Олардың айғайын өтіп бара жатқан ер адам естіп қалған. Ол бірден өртеніп жатқан пәтерге қарай ұмтылған, бірақ балалар есікті аша алмаған. Сол кезде ер адам көршілерімен бірге самокаттың тұтқасымен құлыпты бұзып, содан кейін есікті теуіп ашқан.

Балаларды түтін басқан пәтерден тез арада алып шығу мүмкін болған. Осыдан кейін құтқарушы өз шаруасымен кете берген. Кейінірек келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін балаларға өтіп бара жатқан ер адам көмек көрсеткен. Ол тоғызыншы қабаттың балконынан түтін мен отты көріп, кейін балалардың көмек сұраған айғайын естіген. Үй тұрғындарымен бірге қолда бар құралдардың көмегімен кіре беріс есіктің құлпын бұзып, пәтерді ашқан. Ішінде үш бала болған", - деді Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Берік Омаров.

Қазір ТЖД қызметкерлері балаларды құтқарғаны үшін алғыс айту мақсатында ер адамды іздестіріп жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, бүлдіршіндер зардап шекпеген.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.64   551.26   6.61 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +25
Ақтау +20
Ақтөбе +25
Атырау +25
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +25
П
Павлодар +27
Петропавл +23
С
Семей +26
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +22
О
Орал +22
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер