Астанада көпқабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.
"Сағат 10.48-де Алматы ауданы Айнакөл көшесі, №58 үйден өрт шықты. Өрттің аумағы - 55 шаршы метр. Өрт сағат 11.42-де сөндірілді. Төтенше жағдайды жою кезінде 80 адам эвакуацияланды, олардың 25-і балалар. 12 адам құтқарылды, олардың алтауы - балалар", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар келіп түскен соң 7 минуттан кейін барған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге 59 өрт сөндіруші мен елордалық Өрт сөндіру қызметінің 15 дана техникасы жұмылдырылды.