28 наурыз 2017 14:16

Астанада көпқабатты үйдің шатырына шығып алған балалар куәгерлерді шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған сурет. © Tengrinews.kz Куәгерлер жолдаған сурет. © Tengrinews.kz

Астанада куәгерлер көпқабатты үйлердің бірінің төбесінде жүрген мектеп оқушыларын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айтуларынша, балалардың шатырға шығып алған жағдайы тұңғыш емес көрінеді.


Астанада куәгерлер көпқабатты үйлердің бірінің төбесінде жүрген мектеп оқушыларын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айтуларынша, балалардың шатырға шығып алған жағдайы тұңғыш емес көрінеді.

"Әріптестерімізден кешкі сағат алтыларда Қонаев 12/2 мекенжайындағы шатырдың үстінен балаларды байқадық. Біздің кеңсе "Асыл таста" (Қазақстандағы ең биік ғимарат - Авт.), терезеден көршілес тұрған әкімшілік ғимараттың шатырын көруге болады. Түрлеріне қарасаң, оқушылар сияқты, сөмке асынған. Ересектері жоқ, - деді Tengrinews.kz тілшісіне куәгер Игорь Несен.

Оның айтуынша, мұнда балалар бұған дейін де жүрген. Ал өткен жылы әріптесі ТЖ жөніндегі қалалық Департаменттің шатырында жүрген балалардың суретін жіберген, алайда шатырға шығатын жолды ешкім де жаппаған. 


Куәгерлердің суреті

"Әрине, балаларға өте қауіпті, бірақ ондағы ғимаратта "Нұр Отан" партиясының кеңсесі бар, онда Мемлекет басшысы да болады", - деді ол.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер мұндай деректер анықталған жағдайда видео бақылау камералары қойылатынын, мән-жайды анықтау үшін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқиға орнына полиция жасағы жөнелтілетінін айтып отыр. 

"Мұндай жағдайда дереу "102" қызметіне хабарлауды сұраймыз. Ал дәл осы жағдайға келер болсақ, кеше ол жерге патруль барды, бірақ балалар полицейлер келмей тұрып кетіп қалған, олар шатырға 16-қабат арқылы шыққан, шатырға шығатын есік ашық тұрған. Күзетшілермен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети