Астанада қойма өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖД мәліметінше, Абай көшесіндегі өрт туралы хабарлама 25 қараша күні сағат 12.31-де түскен.

Өрт болып жатқан жерге жеткен кезекшілер қойманың шатыры өртеніп жатқанын анықтады. Осыдан кейін қоңыраудың екінші номері жарияланды.
Айта кетейік, қоңыраудың екінші номері деген өрттен құтқару терминологиясында өрттің аумағын; күштің жетіспеушілігін; судың алынатын жерін білдіреді. Қосымша қоңырау жақын аудандардағы тағы екі бөлімшеге жіберіледі.
"Өрт салдарынан жатақхананың екі тұрғыны зардап шекті: 1991 жылғы әйел (екінші дәрежелі күйік) және 1979 жылғы ер адам (тұншықтырғыш газдан уланған)". - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Өрт ауданы 600 шаршы метр болды. Өрттен құтқару бөлімшесінің жедел әрекетінен өрт сағат 13.25-те ауыздықталды.
Өртті толығымен сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 20 бірлік техника мен Астана ТЖД жеке құрамынан 71 адам жұмылдырылды.