Астанада құрылыс кезінде мұнаралы кранның жұмысшысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада құрылыс кезінде мұнаралы кранның жұмысшысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға Есіл ауданындағы "Алтын шар" тұрғын үй кешенінде 4 маусым күні сағат 22.30-да болған. "Шар құрылыс" ЖШС-нің 1963 жылғы жұмысшысы QTZ-63 кранымен жұмыс істеп жатқан кезде үстіне құрылыс құрастырмалары құлап кеткен. Қайтыс болған жұмысшы - әйел адам.
Бұған дейін Астанада "Көркем" тұрғын үй кешенінде ірі төтенше оқиғаның болғаны белгілі. Арнайы комиссияның мәліметінше, "Угур-1 Астана" ЖШС құрылысқа сапасыз материалдарды пайдаланған, ал "Элипс Со" ЖШС құрылыс кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған, соның салдарынан металл құрастырмалар құлап кеткен. 18 адам биіктен құлап, зардап шекті. Жауапты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды. Оларға қатысты "Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы" бабы бойынша іс қозғалды.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2014 жылдың басынан бастап, елорда аумағында жұмысшылардың өміріне қауіп төндіретін 15 құрылыс нысаны тоқтатылған. Көп жағдайда бас мердігерлер жауапкершілікті мойындарына алмау үшін шағын фирмаларды жұмысқа тартады. 2014 жылдың алғашқы онкүндігінде-ақ еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына қатысты 48 іс қозғалған. Үш қайғылы оқиға бойынша кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа жолданды.