Астанада краншы биіктен құлап қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада краншы биіктен құлап қаза болды видео кадры

Елордадағы құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды. Әлеуметтік желіде ер адамның тұрғын көзінше биіктен құлап кеткені айтылған видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадағы құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды. Әлеуметтік желіде ер адамның тұрғын көзінше биіктен құлап кеткені айтылған видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторының айтуынша, оның терезелері құрылыс алаңына қарайды.

"Бүгін таңертең көңіл-күйім жақсы еді, кофе ішіп отырып (...) құрылыс алаңына қарап отырдым. Үстелде отырғанда, кран көрінеді. Көз алдымда краншы құлап кетті, жедел жәрдем келді, адамдар жиналды. Мұндай қайғылы қазаны көрмегенмін", - дейді ол.

Астана полиция департаменті өкілдері қайғылы оқиғаны растап, жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Краншы мұнара кранынан түсіп жатқанда биіктен құлап, алған жарақатынан қаза болды. Бұл дерек бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қажетті сараптамалар тағайындалды, басқа мәліметтерді жария етілмейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети