04 қазан 2023 | 16:38

Астанада құрылыс алаңында өрт шықты: Мәңгілік Ел даңғылындағы қазіргі жағдай қандай?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада Мәңгілік Ел даңғылында салынып жатқан ғимарат өртенді. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды біліп қайтты.


Астанада Мәңгілік Ел даңғылында салынып жатқан ғимарат өртенді. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды біліп қайтты.

Өрт сағат 15:00 шамасында басталған. Бастапқыда қою қара түтін байқалған.

Куәгерлер жіберген сурет

Өрт сөндіру қызметінің жарты сағаттық жұмысынан кейін өрт сөндірілді, бірақ әлі де өрт ошақтары қалған. ТЖД мәліметтері бойынша, 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенген.

Қоршаудың артынан жұмыс істеп жатқан өртсөндірушілер мен полицейлер көрінеді.

Нысан төлқұжатына сәйкес, ғимарат жалпы білім беретін T-Each кешені болады. Құрылыс 2021 жылы басталған және 2024 жылы аяқталуы керек.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 16:05-те сөндірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 481.61   535.12   5.24 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети