20 шілде 2015 | 22:14

Астанада мәйіт жанында суға шомылған тұрғындардың видеосы интернетті дүр сілкіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"КТК" кадры "КТК" кадры

Астана іргесіндегі Қоянды аулында 10 жасар қыз суға кетіп өлді. Оқиға куәгерлері көмекке ұмтылғанымен, жеткіншектің тек өлі денесін жағаға шығара алған. Ал бұл кезде басқалары баланың мәйітін тастай салып, алаңсыз суға шомыла беріпті. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Астана іргесіндегі Қоянды аулында 10 жасар қыз суға кетіп өлді. Оқиға куәгерлері көмекке ұмтылғанымен, жеткіншектің тек өлі денесін жағаға шығара алған. Ал бұл кезде басқалары баланың мәйітін тастай салып, алаңсыз суға шомыла беріпті. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады.

Кісі шошырлық көріністерді сол маңда жүргендер түсірген. Марқұм қыздың денесін демалушылар матаға орап, топырақ үстіне тастай салыпты. Адамдар бала-шағасымен мәйіттің жанында мәз-мәйрам боп суға шомылыпты. Не жағажай әкімшілігі, не үлкендер жағы бас болып денені таса жерге апаруды да ойланбаған. Қайта қызықтап ұялы телефонға түсіре берген. Ал куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің мәйітін  алып кетуге жедел жәрдем 1 сағаттан соң бір-ақ, жеткен. Негізі марқұм жеткіншек, жағажайға әкесімен келіпті. Кейін ол баласын жалғыз қалдырып кетіп қалған. Оралғанында, қызының өлі денесін ғана құшақтап қалды. Ал жеке жағажай әкімшілігі өздеріне шаң жуытар емес. Жағажай қызметкерінің айтуынша, қоршаулар орнатылады, алайда оны демалушылар бұзып кетеді. "Ал суға тұншығып өлген қыз саяжай жақтан келген. Күнде әкесімен бірге осы жерде шомылып жүретін", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети