Астана мекетптерінің бірінде жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана мекетптерінің бірінде жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"№ 59 орта мектептің оқыту сыныбында 2002 жылы туған кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болуына байланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сарапатамалар тағайындалды", - деді Астана ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбаева.
Tengrinews.kz редакциясына мектеп оқушысының қайтыс болуы туралы 30 қарашада белгілі болған, алайда осы мәліметті растау туралы ІІД-нен бүгін, 2 желтоқсанда ғана мәлімет түсті.
Білім басқармасы әзірге бұл жағдайға байланысты мәлімдеме беруден бас тартты. Сонымен қатар № 59 мектепте пікір білдіруден бас тартты.