Астанада мұнара кранының тросы үзіліп, жұмысшы қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мұнара кранының тросы үзіліп, жұмысшы қаза болды © ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Астанадағы құрылыс алаңында мұнара кранының тросы үзіліп, жұмысшы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы құрылыс алаңында мұнара кранының тросы үзіліп, жұмысшы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылғы 15 мамырда сағат 03.34 шамасында Тұран даңғылы, 50 мекенжайы бойынша "Тұран 1" МТЖ құрылыс нысанының аумағында жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында апат болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, мұнара кранының кабелі үзіліп, металл ілгек құлады. Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза болды. Нұр-Сұлтан қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрады", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері апаттың себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында комиссия жұмысына жетекшілік етеді. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарлауға уәде беріліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети